Бүгінде заманауи технологиялар күнделікті өмірімізге дендеп еніп, барлық салада басты құралға айналды. Алайда әлем цифрлық дәуірдің құшағына ене түскен сайын қоғамда қауіп-қатерлер де көбейді. Әсіресе интернет-алаяқтық өршіп, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтықтың ең кең таралған түрі – алаяқтардың банк қызметкері ретінде хабарласуы. Биыл елімізде осындай 5 мыңға жуық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артқан. Жалған онлайн жарнамалар мен қызмет ұсыныстары бойынша 4,4 мың дерек анықталып, екінші орында тұрған қауіпке айналған. Үшінші орында – онлайн несиелер арқылы жасалған алаяқтықтар. Олардың саны 4 мың дерекке жетіп, 50,7 пайызға артқан.
азіргі уақытта департаментте қаржы пирамидалары, мемлекеттік сатып алу саласындағы жымқыру, бюджетке салық төлеуден жалтару және басқа да қызмет салаларында алдын ала ақпарат жинау және талдау функцияларын орындау мақсатында талдау орталығы құрылған. Аталған орталықтың берген нәтижелері уәкілетті органдармен қайта тексеріліп, алынады.
Бұл шаралар адал кәсіпкерлерді қылмыстық процеске тартуға мүмкіндік бермейді. Адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында қылмыстық істер мемлекеттік бюджетке келтірілген залалдың бар екендігін растайтын тексерулер мен сараптамалар болған жағдайда, сондай-ақ алдын ала талдау жұмыстарының негізінде ғана қозғалады.
Мамандар айтып өткендей, ақпараттық қауіпсіздік – болашақтың ең маңызды қорғаны. Сол себепті әр азамат саналы әрекет етуі, қауіпсіздік ережесін білуі, өзгелерді де соған үйретуі қажет. Киберқылмыстың торынан сақтанып, цифрлық әлемде де қауіпсіз, сенімді, әділетті қоғам құрамыз десек, жауапкершілік әркім сезінуі тиіс.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ



