Интернет алаяқтығынан сақ болайық

Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн сауда жасау, банк қызметтерін пайдалану және түрлі әлеуметтік желілерде қарым-қатынас орнату күнделікті дағдыға айналғанымен, интернет алаяқтарының саны да артып келеді.

Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін, банк карталарының мәліметтерін немесе ақшалай қаражатын иемдену үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Олар жалған хабарламалар жіберіп, күмәнді сілтемелерге өтуді сұрайды немесе өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, құпия ақпараттарды алуға тырысады.

Интернет алаяқтығының құрбаны болмау үшін жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау және белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау қажет. Сондай-ақ банк картасының деректерін ешкімге хабарламау және барлық аккаунттарға күрделі құпиясөз орнату маңызды.

 

А.Аманжолова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT