Интернет алаяқтығы: сақтық және заң

Қазіргі таңда технологияның қарқынды дамуы мен интернеттің кеңінен қолданылуы адамдардың өмірін едәуір жеңілдетті. Бүгінде сауда жасау, төлем жүргізу, ақпарат алмасу сияқты көптеген қызметтер онлайн форматқа көшті. Алайда интернеттің мүмкіндігі артқан сайын алаяқтық әрекеттер де көбейіп келеді. Интернет-алаяқтық тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселеге айналып отыр.

 

   Соңғы жылдары елімізде интернет арқылы жасалатын қылмыстардың саны артып келеді. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарды алдап, жеке деректерін немесе қаржысын иемдену жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан әрбір азамат интернеттегі қауіптерден хабардар болып, сақтық шараларын білуі қажет.

Интернеттегі алаяқтықтың кең тараған түрлерінің бірі - фишинг. Бұл жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе белгілі бір ұйым ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін алуға тырысады. Олар жалған сайттар мен электрондық хаттарды пайдаланып, құпия сөздер мен банк картасының деректерін қолға түсіреді.

   Тағы бір жиі кездесетін алаяқтық түрі - банк картасының деректерін пайдалану. Алаяқтар түрлі тәсілдер арқылы карта нөмірін, құпия кодтарын иемденіп, заңсыз қаржылық операциялар жасайды. Мұндай жағдайлар көбіне белгісіз сайттардан сатып алу кезінде немесе күмәнді сілтемелерге өткен кезде орын алады.Сонымен қатар кибербопсалау да қазіргі заманның қауіпті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл жағдайда зиянды бағдарламалар арқылы компьютердегі немесе телефондағы ақпарат бұғатталып, оны қалпына келтіру үшін ақша талап етіледі.Осындай қауіптердің алдын алу үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау маңызды. Ең алдымен жеке ақпаратты қорғауға ерекше мән беру қажет. Құпия сөздер мен банк деректерін ешкімге бермеу керек. Сондай-ақ белгісіз адамдардан келген хаттар мен хабарламалардағы сілтемелерді ашуға асықпаған жөн. Құрылғыларға сенімді антивирустық бағдарламаларды орнатып, оларды үнемі жаңартып отыру да қауіпсіздікті арттырады. Бұдан бөлек, банктік шоттар мен қаржылық операцияларды тұрақты бақылап отырған дұрыс.Менің ойымша, интернет-алаяқтықпен күресте тек құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз. Әр азаматтың құқықтық сауаттылығы мен цифрлық мәдениеті жоғары болуы қажет. Көп жағдайда адамдар алаяқтардың құрбанына асығыстықтың немесе сенгіштіктің салдарынан айналып жатады. Сондықтан күмәнді ақпаратқа сын көзбен қарап, кез келген әрекеттің дұрыстығына көз жеткізген жөн.

    Қорыта айтқанда, интернеттегі алаяқтық - қоғам үшін үлкен қауіп. Онымен күресудің басты жолы - сақтық, білім және заң талаптарын сақтау. Әрбір азамат жеке деректерін қорғауға жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін ұстанса, интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың алдын алуға болады.

ӘСЕЛ ӘЛІБЕК,

Студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT