Индер ауданы полиция бөлімі ескертеді! Бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сақтықпен қараңыз!
Банк картасының нөмірін, CVV кодты, SMS арқылы келген кодтарды және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз.
«Қауіпсіздік қызметіненбіз», «сыйлық ұтып алдыңыз», «шотыңыз бұғатталды» деген жалған хабарламаларға сенбеңіз.
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.
Есте сақтаңыз: алаяқтар сіздің сеніміңізді пайдаланады.
Қырағы болыңыз! Ақшаңызды және жеке деректеріңізді қорғаңыз!
Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі!
Индер аудандық полиция бөлімі



