Интернет алаяқтық – қоғамның өзекті мәселесі

Қазіргі таңда интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Біз интернет арқылы ақпарат іздейміз, білім аламыз, ақша аударамыз және түрлі сауда-саттық жасаймыз. Алайда интернеттің пайдасымен қатар, оның қауіпті жақтары да бар. Соның бірі – интернет алаяқтық.

 

Интернет алаяқтық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, түрлі жолдармен олардың ақшасын иемденеді. Мысалы, жалған интернет-дүкендер, жалған ұтыстар, банк қызметкері болып хабарласу және әлеуметтік желілер арқылы алдау жағдайлары жиі кездеседі. Әсіресе интернетті жақсы білмейтін адамдар мен қарт кісілер мұндай әрекеттердің құрбаны болуы мүмкін.

 

Интернет алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы – әрбір адамның сақ болуы. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін, құпиясөзді және SMS арқылы келген кодтарды беруге болмайды. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз сайттарға сенбеу керек.

Гүлбану Насиполла 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT