Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде цифрландыруға қажетті институционалдық негіздер мен инфрақұрылым қалыптасып келеді. Бұл - жасанды интеллектіні экономиканың түрлі саласына енгізуге берік негіз. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты салаларда жаңа технологияларды пайдалану еңбек өнімділігін арттырып, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үлкен деректер қорын тиімді қолдану арқылы басқару шешімдерінің дәлдігі мен жеделдігі арта түседі.
Дегенмен, жасанды интеллектіні дамыту барысында тек техникалық жетістіктерге ғана сүйеніп қоймай, оның әлеуметтік және этикалық қырларына да ерекше мән беру қажет. Ақпараттық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, ұлттық мүддені сақтау - басты назарда болуы тиіс мәселелер. «Технологиялық сақтық шараларын» ұстану - осы бағыттағы тұрақты әрі қауіпсіз дамудың кепілі.
Қорытындылай келе, жасанды интеллект - ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құрал. Оны тиімді әрі жауапкершілікпен қолдана алсақ, Қазақстанның заманауи цифрлық мемлекетке айналуы толық мүмкін. Ең бастысы – технологияны ұлттық мүдде мен қоғамдық игілікке қызмет ететін құрал ретінде дұрыс бағытта дамыту.
Н.Жұбандықов
информатика пәні мұғалімі

