Президент Жолдауында коммуналдық тарифтерді реттеу және инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл – әсіресе ауыл тұрғындары үшін өте маңызды тақырып. Себебі электр жарығы, ауызсу, жылу мен газ бағасының өсуі қарапайым халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді.
Ауылдық жерлерде табыс көлемі қалаға қарағанда төмен болғандықтан, тарифтердің қолжетімді әрі әділ болуы – уақыт талабы. Баға негізсіз көтерілмей, көрсетілетін қызметтің сапасы да соған сай жақсаруы қажет. Халық төлеген қаржы нақты нәтижесін берсе, сенім де артады.
Менің ойымша, тариф саясаты ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын ескеруі керек. Тұрақты баға мен сапалы қызмет – ауылдың дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына жол ашады.
Ж.Изимова
аудан тұрғыны



