Осы айтулы күнге орай Аудандық кітапхана “Индербор – өндіріс пен жаңару мекені” атты кітап көрмесін жасақтады. Көрмеге жер асты байлықтарын зерттеп, өндіріске өз үлестерін қосқан ғалымдар, зерттеушілер мен геологтардың кітаптары қойылды.
Сонымен қатар, өндіріске пайдалы әр түрлі тастар, топырақ, гипс сынды материалдар оқырманның қызығушылығын арттырады.



