«Halyk Bank» АҚ ұжымымен Жаңа Конституция жобасы аясында мазмұнды кездесу өтті

Коалиция мүшелері Ақжібек Сабырғалиева мен Бақберген Сақипов Индербор кентіндегі «Halyk Bank» АҚ ұжымымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасы аясында мазмұнды кездесу өтті.

Басқосу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өз пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік алды.
Кездесу барысында  Конституциядағы жаңашыл бастамалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды.
Сондай-ақ жаңартылған Негізгі заңның құқық үстемдігін нығайтып, қоғамдағы әділдік қағидаттарын орнықтырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026