Есірткі – адам өміріне қауіп төндіріп, болашаққа балта шабатын қауіпті дерт. Оның алдын алу – қоғамның, отбасының және әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зардаптарын түсіндіру – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Әрбір жас өз өміріне жауапкершілікпен қарап, жаман әдеттерден аулақ болуы керек.
Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі! Салауатты өмір салтын таңдап, ұрпағымыздың қауіпсіз келешегі үшін бірге күресейік.
Жадыра Нариманова



