Есірткі «жасырынбаларын» (закладка) немесе оларды өткізуші тұлғаларды анықтаған кездегі іс-қимыл алгоритмі

​Жалпы принциптер

​Жеке қауіпсіздік — басты басымдық.

​ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: күдікті заттарға қол тигізуге, күдікті тұлғаларды өз бетінше ұстауға.

​Барлық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы тиіс.

​Есірткі «жасырынбасы» (закладка) табылған жағдайда:

​Затқа қол тигізбеу.

​Орналасқан жерін бекіту (координаттары, фото, видео).

​Дереу 102 нөміріне қоңырау шалу.

​102 операторына бар ақпаратты (дәл мекенжайы, бағдарлар, заттың сипаттамасы) беру.

​Мүмкіндігінше, полиция қызметкерлері келгенге дейін затты көзбен бақылауды қамтамасыз ету.

​Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.

​Есірткі жасырушыны (курьерді) анықтаған жағдайда:

​Байланысқа түспеу.

​Күдіктінің белгілерін бекіту (жалпы сипаттамасы: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, жүру бағыты, автокөлігі болса, мемлекеттік нөмірлері).

​Дереу 102 нөміріне қоңырау шалу.

​102 операторына барынша көп ақпарат хабарлау.

​Қауіпсіз қашықтықта бақылау, күдіктімен ешқандай қарым-қатынасқа түспеу.

​Құқықтық салдары

​ҚР ҚК-нің 112-бабы — Қажетті қорғаныс шегінен шығу.

​ҚР ҚК-нің 125-126 баптары — Бас бостандығынан заңсыз айыру.

​ҚР ҚК-нің 296-297 баптары — Есірткі заттарды заңсыз сақтау немесе өткізу (өткізу мақсатында иемдену).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT