Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі — есірткіге тәуелділік. Бұл дерт адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасы мен қоғамға да үлкен зиянын тигізеді. Өкінішке қарай, есірткінің құрбаны болып жатқан жастардың саны азаймай отыр.
Есірткі алғашында қызығушылықпен немесе достардың ықпалымен басталуы мүмкін. Алайда оның соңы ауыр тәуелділікке, денсаулықтың нашарлауына, психологиялық күйзелістерге және қылмысқа алып келеді. Есірткіні қолданған адам уақыт өте келе өз өміріне бақылауын жоғалтып, жақындарынан алыстай бастайды.
Бүгінде интернет арқылы да есірткі жарнамасы мен заңсыз саудасы көбейген. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы түрлі күмәнді ұсыныстар таралуда. Сондықтан әр адам сақ болып, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуы қажет.



