Қазір интернет технологиялардың дамуына және синтетикалық есірткілерге сұраныстың тым артуына байланысты есірткі саудасы түрлене түсуде. Бұл бір жағынан есірткінің заңсыз айналымында жаңадан психобелсенді заттардың пайда болуымен де тығыз байланысты. Сауданың басым бөлігі интернет дүкендер, әлеуметтік желілер, киви-әмиян сияқты қосымшалар арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде аноним Telegram каналдар арқылы тарату қатты белең алып отыр.
Мамандардың айтуынша, есірткі әлеуметтік топ талғамайды екен. Сондықтан да ақшасы көп адам, есірткіні ұзақ және көп тұтынып жүре алады деген тұжырым – қате. Тәуелділікке түскен адам үшін ақша маңызды емес. Ол оны қайтсе де табуға тырысады. Бұл жердегі ең бірінші фактор – денсаулық. Егер синтетикалық есірткі туралы айтар болсақ, ол ең бірінші кезекте адамның орталық жүйке жүйесін бұзады. Конгинитивті ауытқулар болады. Параноя, галлюцинация, ұмытшақтық басталады. Сондықтан ондай есірткіні ұзақ уақыт тұтынып жүру мүмкін емес. Ал уақытында емделмесе, оның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін.
Алтынзер Сержанқызы



