Есірткі – адам өміріне ғана емес, тұтас қоғамға қауіп төндіретін ең зиянды құбылыстардың бірі. Ол адамның денсаулығын бұзып, санасын улап, болашағын тұмшалайды. Әсіресе жастар үшін бұл – өмір жолын бұрыс бағытқа бұратын қауіпті тұзақ.
Есірткінің зияны тек жеке адаммен шектелмейді. Ол отбасын күйретіп, қоғамдағы қылмыстың артуына себеп болады. Сондықтан әрбір азамат бұл дертке бейжай қарамай, одан аулақ болып, айналасына да түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс орта таңдау және өз болашағына жауапкершілікпен қарау – есірткіге қарсы ең тиімді қорған. Өмір – бір-ақ рет беріледі, оны босқа емес, мәнді әрі пайдалы өткізу әркімнің өз қолында.

