ЕРТЕҢГІ КҮННЕН КҮДЕР ҮЗБЕСЕ ЕКЕН...

БИЫЛҒЫ ТӨРТ АЙДА ЕЛІМІЗДЕ 74 БАЛА ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМС АСА, 120 СУ­ИЦИД ӘРЕКЕТІ ТІРКЕЛГЕН. МАМАНДАР МҰНЫ ӨЗ Т ІЛІНДЕ «АЯҚТАЛМАҒАН СУИ­ЦИД» ДЕП АТАЙДЫ. ӨМІРДЕН ТҮҢІЛІП, ОНЫМЕН ҚОШ АЙТ ЫСУҒА АСЫҒУДЫҢ АСТАРЫНДА НЕ БАР? ӘСІРЕСЕ, МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗ- ӨЗІНЕ ҚОЛ С АЛУЫНА КІМ КІНӘЛІ? 

СТАТИСТИКА НЕ ДЕЙДІ?

Finprom деректеріне сүйенсек елімізде, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс, зорлық-зомбылық салдары мен суицид әрекеттері қоғам үшін өзекті әрі алаңдатарлық мәселеге айналған. Соның ішінде балалар арасындағы суицид әрекеттері жүздеп тіркелген. Статистика кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселесінің әлі де өткір екенін көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аяқталған суицид саны – 199; суицид әрекеттері – 405. Бұл жалпы алғанда 604 жағдай. Ал 2026 жылдың алғашқы төрт айында 74 аяқталған суицид; 120 суицид әрекеті тіркелген. Салыстырып айтар болсақ, 2025 жылдың осы кезеңінде жалпы көрсеткіш 317 болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT