Еліктеудің соңы-өкініш

Жасөспірімдік кезең – адамның мінезі мен көзқарасы қалыптасатын маңызды уақыт. Осы кезеңде құрбы-құрдастың немесе әлеуметтік желідегі теріс әдеттердің ықпалына еріп, есірткіге қызығушылық танытуы үлкен қауіпке әкелуі мүмкін.

Есірткіге бір сәттік қызығушылықтың өзі денсаулыққа, білімге және болашаққа кері әсерін тигізеді. Сондықтан жасөспірімге дұрыс бағыт-бағдар беріп, қауіпті ортадан қорғау – ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті.

Еліктеуге ермей, болашағыңды таңда!

 

Г.Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT