2022 жылдан бастау алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен құрылған ұлттық құрылтай халық бірлігін нығайту, әділ дамыған Қазақстанды қалыптастыру, жүйелі реформаларды ілгерлету және түйінді мәселелерді талқылау мақсатында ашық алаң ретінде қызмет етіп келеді.
Президент Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінен көп нәрсеге көз жеткіздік. Соның ішінде салық кодексі, цифрландырудан бастап, экология, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды да мыту, жастарға қолдау, сыртқы саясат, патриотизм және резонанс тудырған қылмыспен күреске назар аударылды. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов “Ел болам десең, бесігіңді түзе” деп тегін айт паса керек. Тәрбиені әуелі бала жастан бастау қажет. Егер ұрпағымыз өте білімді, бірақ тәрбиесі нашар, жеткіліксіз болса одан пайда бар ма? Әрине, жоқ. Бүгінгі ХХІ ғасырдағы ұрпақ саналы. Өзінің ойымен көп нәрсені іштей біліп тұрады. Өйткені бүгінгі заманда смартфон, интернет деген құдіреттің арқасында бұл күннің балаларынан ешнәрсе жасыра алмайсың. Мұны ерекше айтып отырған себебім біздің кезімізбен қазіргі жастарды салыстыруға болмайды, сол үшін ардагерлер және зиялы қауым өкілдері бірлесіп жастардың ақыл-ой әлеуетін ұлттық құндылықтар тәрбиесімен ұштастырып, жаңа арнаға қарай бұра білгеніміз жөн деп есептеймін. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Сонымен бірге Құрылтайдағы жаңалықтардың бірегейі Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесін құру туралы шешімі мен конституциялық реформаға қатысты өзгерістерді айтуға болады. Жаңа Парламенттің атауы “Құрылтай” болса, оның құрамында 8 тұрақты комитеттің және депутаттардың саны 145 болатындығы айтылды. Бұл ұсынысты өз басым бабалардың сара жолын жалғастырған ізгі амалы деп қабылдадым. Шынында алып қарасақ қазақтың тар жол, тайғақ кешті заманында қазақ халқының болашақ тағдырының мәселесі осы Құрылтайда қаралып, нақты шешімдер қабылданған жоқ па? Сондықтан өмір заңдылығына сәйкес Парламенттің бір палатасы болып, ескі атауы өзгеріп, жаңаша түрге Құрылтайға ауысуы өткен бабалар мен батырлар рухына жасалған тағзым және ерекше құрмет болды деп есептеймін. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы “Тәртіпке бағынған құл бол майды” демекші, Мемлекет басшысы патриотизм ұлт мүддесін желеу еткен бос айқаймен емес, өз қызметіне адалдық, азаматтық жауапкершілік, заң үстемдігіне мойынсұну сияқты қағидаттармен бағаланады. Сондықтан әрбір азамат заң та лаптарын бұлжытпай орындауы керек. Бұл әділетті қоғамның басты шарты болып қала береді. Мемлекет басшысы сонымен бірге еліміздің рухани мәдени мұрасын әлемге танытудың маңыздылығына ерекше тоқталып, Қожа-Ахмет Яссауи, және Абай ілімдерін кең көлемде дәріптейтін ғылыми жиындарды тұрақты түрде өткізу қажеттігін айтты. Біздің алдымыздағы басты міндет Ұлттық құрылтайда қабылданған еліміз үшін, халқымыз үшін осы баста маларды сапалы түрде іске асыру болып табылады. Мен ауданның барша ардагерлерін, зиялы қауым өкілдерін, барша әлеуметті ел дамуының жаңа бастапқы кезеңде бірлік пен тірлік жасап, ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмылып, абырой биігінен көрінуге шақырамын. “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді” дегендей, маңызды кезеңде “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», отансүйгіштік пен бекем бірліктің озық үлгісін кеңінен көрсете білсек, дамыған елдердің қатарынан Қазақстан мемлекеті ойып тұрып орын алатынына, көздеген мақсаттарымызға айқын қол жеткізетіндігіне кәміл сенемін.
Қорытындылай келе айтарым, Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстар мен көтерілген бастамалар елдің саяси-әлеуметтік дамуының алдағы басым-бағыттарын айқындап берді.
Сағынтай КЕРЕШЕВ,
ардагер ұстаз



