Жаңа Конституция – Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық құжат. Мемлекет басшысының бүгінгі сөйлеген сөзінде бұл бастаманың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Ата заң – ел дамуының негізгі бағдары ретінде қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі болып табылады.
Жаңа Конституция мемлекет пен халықтың ортақ мақсатқа жұмыла отырып, өркендеген, әділетті әрі тұрақты қоғам құру жолындағы ұмтылысын білдіреді. Бұл – тек құқықтық өзгеріс емес, елдің жаңаруына, заманауи талаптарға сай дамуына бағытталған маңызды қадам.
Салтанатты іс-шара аясында қабылданған бұл тарихи шешім – Қазақстанның жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсетеді. Әсіресе, жастар үшін бұл – үлкен мүмкіндік пен зор жауапкершілік. Себебі елдің ертеңі – білімді, саналы, белсенді ұрпақтың қолында.
Осылайша, Жаңа Конституция – халықтың бірлігі мен мемлекетіміздің тұрақты дамуының берік негізі болып қала береді.
"Дендер" ЖҚБ төрайымы А.Сидегалиева

