Ел дамуының берік іргетасы

Жаңа конституциялық өзгерістер ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

 

Соның нәтижесінде қоғамда әділдік қағидаты орнығып, халықтың мемлекетке деген сенімі арта түседі. Конституция – кез келген елдің тұрақтылығы мен дамуының берік іргетасы болғандықтан, оны заман талабына сай жетілдіру Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл реформалар экономикалық өсімге тың серпін беріп, инвестициялық ахуалды жақсартуға, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі – демократиялық құндылықтардың нығаюына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына негіз болады.

Қорытындылай келе, жаңа Конституция аясындағы бастамалар еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

 

Қарлығаш Зейнолла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026