«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған Конституцияның жаңа жобасы – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Бұл бастама мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, оның тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Әсіресе білім беру саласы үшін оның маңызы айрықша. Себебі сапалы білім мен бәсекеге қабілетті адам капиталы – тұрақты дамудың басты тірегі. Жаңа жоба заң үстемдігін нығайтып, білім беру жүйесіндегі жауапкершілік пен әділеттілікті күшейтуге мүмкіндік береді деп сенемін.
Сондықтан әр азамат Конституцияның жаңа жобасымен мұқият танысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды.
Нұртас Құспанов
аудандық мәслихат депутаты

