Жаңа Конституция аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар елдің құқықтық мемлекет ретінде дамуына серпін береді. Бұл үрдіс қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік қағидаттарының нығаюына ықпал етеді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы әрқашан басты назарда болуы тиіс.
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім – тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі. Сондықтан халықтың пікірін ескеріп, қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау маңызды. Бұл азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыра түседі.
Бірлік пен татулық – кез келген мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Осындай қағидаттар сақталған кезде қоғамда тұрақтылық орнығып, елдің даму жолы айқындала түседі. Әрбір азамат ортақ мақсат жолында еңбек еткенде ғана мемлекетіміздің болашағы жарқын болады.
Бағытжан Құнас
аудандық ардагерлер төрағасы

