Референдум өз мәресіне жетіп, халық өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте көрсетті. Бұл – жұртшылықтың бірлігі мен ел тағдырына деген жауапкершілігінің айқын белгісі. Әр азаматтың дауыс беруі – еліміздің дамуына қосылған маңызды үлес деп білемін.
Таңдаушылар өз ойларын ашық айтып, дауыс беруге белсенді қатысуы – қоғамдағы маңызды мәселелерге халықтың тікелей араласып отырғанын көрсетеді. Мұндай белсенділік елдегі демократиялық мәдениеттің қалыптасып, нығая түсуіне үлкен ықпал етеді.
Халықтың дауыс беруі – елдегі тұрақтылықтың, азаматтық жауапкершіліктің және ортақ болашаққа деген жанашырлықтың көрінісі. Әрбір дауыс қоғамның дамуына қызмет ететінін жұртшылық жақсы түсінеді. Сондықтан, халықтың белсенділігі мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, елдің берік әрі тұрақты дамуына жол ашады.
Ардагер ұстаз ретінде айтарым – бірлігіміз бекем болып, еліміз әрдайым тыныш, болашағымыз жарқын болсын. Барша жұрттың ынтымағы мен татулығы арта берсін деп тілеймін.
Жамал Қажымұрат
ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз

