Экологиялық жауапкершілік - болашақ алдындағы басты міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді» деген сөзі - еліміздің табиғатты қорғау ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап отырғанын көрсетеді. Бүгінгі жиында көтерілген мәселелер де қоршаған ортаны сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы маңызды бастамалардың бірі болды.

Қазіргі таңда экология мәселесі тек бір елдің ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ проблемасына айналды. Сондықтан Қазақстанда заңнамалық тұрғыда экологиялық талаптарды күшейту, өндіріс орындарының жауапкершілігін арттыру, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және жасыл технологияларды енгізу аса маңызды. Бұл – келер ұрпаққа таза ауа, мөлдір су, көркем табиғат қалдыру жолындағы нақты қадам.

Бүгінгі жиында айтылған ұсыныстар мен бастамалар қоғам тарапынан қолдау табуы тиіс. Себебі табиғатты қорғау - тек мемлекеттің емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Әр адам өз ауласын таза ұстап, ағаш отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлық танытса, еліміздің экологиялық ахуалы әлдеқайда жақсара түсері анық. Экологияға жауапкершілікпен қарау – болашаққа қамқорлық жасаудың ең жарқын үлгісі.

 

Б.Құнас

ардагерлер алқасының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT