Экологиялық мәдениет-бүгінгі күн талабы

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция адамдарға тазалықтың тек сыртқы көрініс емес, өмір сүру мәдениетінің бір бөлігі екенін түсіндіреді. Мен мұндай іс-шараларға қатысу арқылы әр адам табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады деп ойлаймын.

Тазалықты сақтау тек сенбіліктермен шектелмеуі керек. Қоқысты арнайы орынға тастау, ағаш отырғызу, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске ықпал етеді. Осындай жауапкершілікті әркім күнделікті өмірінде ұстанса, еліміз әлдеқайда таза әрі көрікті болады. 

Сондықтан мен «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдаймын және әр азаматтың осы бастамаға белсенді қатысқаны дұрыс деп есептеймін. Таза ел – өз табиғатын құрметтейтін адамдардың қолымен қалыптасады.

 

А. Насихатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT