Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Қытайдың «Suchun Environmental Protection» компаниясы өкілдерімен кездесуі өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам деп санаймын.
Қазіргі таңда өндіріс орындарының дамуы мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі экологиялық қауіпсіздікпен қатар жүруі тиіс. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау саласына заманауи технологияларды енгізу, өндірістік қалдықтарды азайту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – уақыт талабы.
Шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық орнату өңір экономикасына жаңа серпін беріп қана қоймай, экологиялық мәселелерді шешуге де мүмкіндік ашады. Ең бастысы, қолға алынған жобалар нақты нәтижесін беріп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуі қажет.
Гүлжан Қауашева
Индер ауданының құрметті азаматы



