Экологиялық әдет-өркениетті қоғам белгісі

Атап өту керек, елімізде аталған құнды­лық­тардың біртұтастығын орнықтыру конституциялық деңгейде жалғасын тапты.

Жоғары экологиялық мәдениет, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және азаматтық жауапкершілік қағидаттары 2026 жылғы 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының халықтық Конституциясында нақты белгі­леніп, құқықтық негізге ие болды. Конс­титуцияның 3-бабында мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде «жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тікелей бекітілсе, 37-бапта азаматтардың табиғатты сақтау және оның байлығына ұқыпты қарау жөніндегі конституциялық міндеті айқындалды. Бұл «Таза Қазақстан» бастамасының уақытша науқан емес екенін, қоршаған ортаның тазалығы, ой тазалығы және басқару тазалығын  біртұтастықта қарайтын мемлекеттік ұзақмерзімді стратегия екенін айқын көрсетеді. 

Олай болса маңызды бастама алдағы уақытта да жалпыұлттық сипат алып, қоғамдық санада жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда шешуші рөл атқара берері анық. 

 

Н.Кабиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT