Екі елі ауызға төрт елі қақапақ

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ко­дексте (ҚР ӘҚБтК) 456-2-бап «Жалған ақпартты орналастыру, тарату , құқыққа қайшы контент» бар. Оның алғашқы екі бөлігі БАҚ-қа, ақпарат иеленушілерге және ашық деректерге арналған. Қарапайым пайдаланушылар ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі бой­ынша жауапқа тартылуы мүмкін, ол іс- әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған, бірақ «қоғамдық тәртіпке, азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін» жағдайларда қолданылады. 

Санкциялар мыналарды қарастырады: жеке тұлғалар үшін - 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл. 2026 жылы бұл - 86 500 теңге; шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін - 30 АЕК. Биыл бұл - 129 750 теңге; орта бизнес үшін - 50 АЕК немесе бүгінде 216 250 теңгеге; ірі бизнес үшін - 100 АЕК, бұл - 432 500 теңге.

Егер адам жалған ақпаратты саналы түрде таратса, қылмыстық жауапкершілік т у ындайды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 2 7 4 - б а б ы қолданылады. Кейбір жағдайларда бұл бап бойынша да айыппұлдар салынады, бірақ нақты бас бостандығынан айыру мерзімі де тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар басқа ақпараттарды таратқаны үшін өзге баптар бойынша да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған : әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, топтық немесе діни араздықты қоздыру (Қ Р ҚК 174-бабы); билікті басып алуға не­месе ұстап тұруға насихаттау немесе жария түрде шақыру (ҚР ҚК 179- бабы); билік өкілдерінің заңды талапта­рына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру немесе жаппай тәртіпсіздікке итермелеу, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақыру (ҚР ҚК 272-бабы); тыйым салынған мәліметтерді, мы­салы, мемлекеттік құпияларды немесе экстремистік сипаттағы материалдарды тарату және т.б .

ІІМ мәліметіне сүйенсек, әкімшілік және қылмыстық жауакершілік арасындағы шектеу қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, салдарына және сара­лау белгілерінің болуына байланы­сты . Қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша істің барлық мән-жайларын ескере отырып қабылданады.

Иә, «тек жүрсең, тоқ жүресің» дейді дана халқымыз. Ендеше, осы ақылды ұстанып жүрген әлдеқайда абыройлы әрекет екенін ұмытпайық.

Ж. Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT