Көшелердің таза, айналаның жинақы болуы – күнделікті еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлерінің маңдай терінің нәтижесі. Олардың еңбегін бағалау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Тазалықшылардың жұмысын жеңілдетудің ең қарапайым жолы – қоқысты кез келген жерге тастамау және ортақ мүлікке ұқыптылықпен қарау. Туған жердің көркеюі осындай қарапайым әрекеттерден басталады.
Д.Досанов
кент тұрғыны



