Дәстүр мен зайырлылық сабақтастығы: жаңа Конституцияның бағыты

Референдум-қоғам дамуының маңызды факторы

Елімізде 2026 жылы Конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ата Заңының жаңа жобасына елеулі өзгерістер ұсынылуда. 

Атап айтсақ, неке- ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалуы. Сонымен қатар дәстүрлі құндылықтарды қорғау ең жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етілетіні көңіл қуантады. 

Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітілуі. Білім мен тәрбиенің зайырлы сипаты орнықтылатыны айқын көрініс тапқан. 

Мемлекеттің басты байлығы- білімді, зияткер, білікті азаматтар. Сондықтан білім сапасын арттыру, ғылымды қолдау, мәдени құндылықтарды дамыту басты  назарда болуы маңызды. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор жасанды интеллектті сауатты, тиімді, қолжетімді пайдалану туралы өзгерістер келешек ұрпақ үшін қажет реформа деп есептеймін.

 

 

Алтынгүл Көшек

 

Ш.Уалиханов орта мектебі мұғалім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT