Ерікті қан тапсыру – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін ең ізгі әрі сауапты істердің бірі. Донор болу арқылы әрбір азамат қиын жағдайда жатқан науқастарға, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге, күрделі ота жасалатын пациенттерге және түрлі аурулармен күресіп жүрген жандарға үміт сыйлайды.
Қанның орнын басатын жасанды өнім әзірге толық жоқ, сондықтан донорлардың көмегі әрдайым маңызды. Бір адамның тапсырған қаны бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл – қоғамдағы жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтардың айқын көрінісі.
Ерікті донорлық қозғалысын дамыту – дені сау әрі жанашыр қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы. Осындай игі іске атсалысып жүрген барлық донорларға алғыс білдіреміз. Олардың мейірімділігі мен қамқорлығы көптеген адамға өмір сыйлап, болашаққа деген сенімін арттыруда.
М.Умирзахова
мұғалім



