Дипломатиядағы достық дәстүрі

Әлемдік саясаттағы тұрақтылық пен өзара сенім көбіне мемлекеттер арасындағы сындарлы диалогқа байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елордада ерекше құрметпен қарсы алуы – екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызын айқындай түскен маңызды оқиға.

Әуежайдағы салтанатты рәсім, Құрмет қарауылының сап түзеуі, балалардың қос мемлекеттің туларын ұстап қарсы алуы мен арнайы әскери көрсетілімдер – барлығы да Қазақстанның дипломатиялық мәдениеті мен қонақжайлығын танытты. Әсіресе Ресей Президенті ұшағының Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері арқылы шекарадан бастап қапталдай алып жүруі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің айқын белгісі болды.

Қазақстан мен Ресей – тарихи байланысы терең, экономикалық және саяси тұрғыдан өзара ынтымақтастығы берік көрші мемлекеттер. Сондықтан мұндай жоғары деңгейдегі кездесулер аймақтық тұрақтылықты сақтауда және ортақ мүдделерді дамытуда маңызды рөл атқарады.

Бүгінде әлемдегі геосаяси жағдай күрделі кезеңді бастан өткеріп отыр. Осындай уақытта көрші елдердің ашық диалог жүргізуі, өзара сенім мен серіктестікті нығайтуы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепі

Бағытжан ҚҰНАС

аудандық ардагерлер төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT