Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру ғана емес, ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарын күшейту. Құжатта «мемлекет үшін адам емес, адам үшін мемлекет» қағидасы негізгі басымдық ретінде айқындалған.
Жобада билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік нығайтылып, Парламенттің рөлі күшейтіледі. Бұл – шешім қабылдау процесінің ашықтығын арттырып, халықтың саяси өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері кеңейтіледі. Конституциялық Сот құру арқылы азаматтардың өз құқықтарын тікелей қорғауына жол ашылады. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Жаңа Конституция жобасы – ресурсты басқарудан адам капиталын дамытуға бағытталған стратегиялық бетбұрыс.
Данагүл Нургуатова
Кітапханашы



