Әділетті қоғамға қадам

Жаңа Конституциядағы нормаларды мен елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды кезең деп бағалаймын. Бұл қадамдар формалды сипатта емес, керісінше билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

 

Әсіресе Конституциялық сот институтының құрылуы мен адам құқықтарына басымдық берілуі құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы нақты қадам. Сонымен қатар саяси процестердің ашықтығын арттыру мен халықтың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейту де реформалардың маңызды бөлігі болып отыр.

 

Бұл қадамдардың нәтижесі олардың сапалы әрі жүйелі жүзеге асуына тікелей байланысты. Егер қабылданған нормалар іс жүзінде тиімді орындалса, онда бұл реформалар елдің тұрақты әрі әділетті дамуына негіз болады.

 

Гулнафис Жармухамбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT