Аналар кеңесі Конституцияға енгізіліп жатқан реформаларды қолдайды. Бұл өзгерістер -қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға, әр азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауға бағытталған маңызды бастама.
Ана үшін ең басты құндылық – баласының болашағы мен елдің тыныштығы. Конституциялық реформалар осы құндылықтарды сақтауға және ұрпаққа әділ, қауіпсіз мемлекет қалдыруға жол ашады. Реформада әлеуметтік әділдікке, отбасы институтын қорғауға, балалар мен әйелдердің құқықтарын күшейтуге ерекше мән берілгені қуантады.
Бұл – қоғамның тұрақты дамуына, ел бірлігінің сақталуына ықпал ететін оң қадамдар. Аналар кеңесі елдегі бейбітшілік пен келісімді, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды әрдайым басты орында ұстайды. Конституциялық реформаларды қолдай отырып, барша азаматтарды ел болашағы үшін жауапкершілікпен қарап, ортақ мүдде жолында бірлікте болуға шақырады.
Гүлсара Нұрмұқанова
аналар кеңесінің мүшесі



