Әділет пен тұрақтылық жолындағы маңызды қадам

Қоғамның тұрақты дамуы мен әділетті мемлекетті қалыптастыру жолында Құрылтайдың орны ерекше деп есептеймін. Себебі бұл орган заңнамалық бастамаларды жетілдіруге, елдегі маңызды мәселелерді талқылауға және халықтың үнін билікке жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жүйе мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, демократиялық қағидалардың дамуына ықпал етеді.

2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Конституция аясындағы бірқатар конституциялық заңдарға қол қоюы – құқықтық реформаларды жүйелі түрде жалғастырудың айқын көрінісі. Бұл қадам елдегі заңдылықты күшейтіп қана қоймай, азаматтардың құқықтық қорғалуын арттыруға және мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартуға бағытталған.

Үлкен буын өкілі ретінде елдегі тыныштық, тұрақтылық және заңға құрмет – болашақтың берік кепілі екенін ерекше атап өткім келеді. Заң талаптарының сақталуы мен әділдіктің үстем болуы – тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне негіз болады деп сенемін.

Жамиев Ораз

ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT