Әділдік және жауапкершілік

Заң мен тәртәп.
«Құндылықтарға шолу» жобасы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі ұстаздары Әділдік және жауапкершілік құндылығы тақырыбын сабақтарында түсіндірді.
Оқушыларға жауапкершілікті ұғына білу, өзіне жүктелген міндеттерді адал орындау, өз міндеттері мен құқықтарын біліп және сақтау, жұмысқа жауапкершілікпен қарап, тәртіп пен уәдеге адал болу туралы түсіндірілді.
Мақсаты:
Оқушылардың әділдік пен жауапкершілік ұғымдарын өмірмен байланыстыра түсінуіне көмектесу.
Сабақта ұстаздар «Әділ шешім – ортақ жауапкершілік» атты видео көрсетіп, жағдаят үлгілері туралы, жауапкершілік туралы сұрақтар қойылды; «Дұрыс па, бұрыс па?» сергіту сәтін өткізді. Оқушылар өз міндеттері мен құқықтарын білу және сақтау; тапсырылған істі уақытында әрі сапалы орындау; өз қателігін мойындай білу және түзетуге ұмтылу; қабылдаған шешімдері үшін жауап беру; ұжымдық жұмысқа жауапкершілікпен қарау; тәртіп пен уәдеге адал болу керектігін ұғынды.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT