Жаңа Қазақстан аясындағы Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси құрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды кезең.
Бұл бастама елдегі басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мән береді. Реформа қоғамдағы әділдік қағидатын орнықтыруға, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге және мемлекеттік шешімдердің ашық қабылдануына жол ашады. Сонымен қатар, халықтың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігі кеңейіп, қоғамдық пікірдің маңызы арта түсуде.
Мұндай қадамдар елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайды. Заң үстемдігі мен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстану – тұрақты әрі біртұтас қоғам қалыптастырудың басты алғышарты.
Бағытжан Құнас
Ардагерлер алқасының төрағасы

