Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру – әрбір азаматтың өмір сапасын арттырудың басты кепілі. Соңғы жылдары медициналық қызметтердің қолжетімділігі артып, заманауи технологиялар енгізілуде. Дегенмен, ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығы, медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер әлі де бар. Жолдауда осы түйткілдерге ерекше назар аударылып, алғашқы медициналық көмекті күшейту, профилактикалық шараларды дамыту көзделгені халық тарапынан қолдау табады. Бұл бастамалар азаматтардың денсаулығын сақтауға және ұзақ өмір сүруіне оң әсер етеді.
Т. Тыныштықұлы
ауыл тұрғыны



