Менің ойымша, 32-бапта көрсетілген денсаулықты сақтауға құқық – Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ең маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі. Әр адамның медициналық көмекке қол жеткізе алуы – мемлекет қамқорлығының нақты көрінісі деп санаймын. Тегін медициналық көмектің заңмен бекітілуі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін үлкен қолдау. Сонымен қатар ақылы медициналық қызметтің де заңды негізде көрсетілуі таңдау еркіндігін береді.
Мен үшін бұл бап – адамның өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылық екенін дәлелдейді. Денсаулығы мықты азамат қана қоғамға пайдалы бола алады. Мұғалім ретінде оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын жиі айтып отыру қажет деп ойлаймын. Себебі алдын алу – емдеуден де маңызды. Мемлекеттік және жекеменшік медицина қатар дамыса, қызмет сапасы да арта түседі. Бұл бап халыққа сенімділік сыйлайды. Әр адам өзін қорғалған сезінгенде, болашаққа нық қадам жасайды. Сондықтан 32-бапты мен қоғам тұрақтылығы мен ел дамуының маңызды негіздерінің бірі деп бағалаймын.
Мейрамгүл Нұрсұлтанқызы



