МЕДИАЦИЯ – ТАРАПТАРДЫҢ ЕРІКТІ КЕЛІСІМІ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ МАҚСАТЫНДА МЕДИАТОРДЫҢ ЖӘРДЕМДЕСУІМЕН ТАРАПТАР АРАСЫНДАҒЫ ДАУДЫ РЕТТЕУ РӘСІМІ.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 174-бабына сәйкес, сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды,
оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.
Шақыруда тараптар татуласу рәсімі шеңберінде дау-жанжалды шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары
туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.
Тараптар татуласу келісімін, дау-жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 150-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, татуласу рәсімін жүргізудің нәтижесінде талап қою қабылданып, татуласу рәсімін судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.
Аудандық сотта 2026 жылдың І жартыжылдығында осындай 185 талап қою арызы түсіп, 26 іс бойынша медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, іс жүргізу тоқтатылды. 39 іс бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізді.
Қаралған несиелердің көпшілігі микронесиелік заем шарты бойынша алған міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
Аталған дауларға қатысты істердің басым көпшілігі бойынша медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімдерді бекіткен және іс жүргізу өндірісі тоқтатылған.
Қысқаша айтқанда медиацияның тиімділігі тараптардың өзара оңтайлы және өзара тиімді шешімге келуінде. Сонымен қатар ол сот тәртібімен шешілетін дауларға қарағанда өте қысқа уақытта өз шешімін табады.
А.ДИЯРОВА,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы



