Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның біліміне, тәрбиесіне, отбасына және болашағына кері әсер етеді.
Өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер қызығушылықтың немесе теріс ортаның ықпалымен зиянды әдеттің құрбаны болып жатады. Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер және қоғам болып, жастарды салауатты өмір салтына баулып, зиянды әрекеттердің салдары туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Жастардың жарқын болашағы – олардың дұрыс таңдауы мен саналы өмір салтына байланысты.



