Жаңа Конституция – бұл жай ғана заңдар жинағы емес, бұл – ұлттың ертеңіне жазылған ант, болашаққа бағытталған батыл қадам!
Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз, өйткені ол – әділетті қоғамның іргетасы. Ол әр азаматтың құқығын қорғап, әр отбасының тыныштығын қамтамасыз етеді. Ол мемлекетті күшейтіп қана қоймай, халықтың үнін еститін, сөзіне құлақ асатын жүйені қалыптастырады.
Бұл – жаңару жолы.
Бұл – әділет жолы.
Бұл – жауапкершілік жолы.
Жаннат Мурзина
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

