Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Қазір табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Сол себепті жастар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды кішкентай істерден бастауы керек. Ауылымызда ұйымдастырылатын сенбіліктерге жастар белсенді қатысып, қоқыс жинау, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін маңызды іс. Осындай акциялар арқылы ауылымыздың тазалығы сақталып, табиғатымыз көркейе түседі деп сенемін.

