Бұл Парламент заңдарды жылдам әрі тиімді қабылдауға, депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа Парламентте депутаттар саны 145 болады, олардың көпшілігі кәсіби мамандар. Депутаттар пропорционалды жүйемен сайланады, партиялық квота 5%-тен басталады, халық пен әлеуметтік квоталар сақталады.
Кеңес жылына бір рет сессия өткізіп, заң шығару бастамаларын енгізіп, ұлттық және ішкі саясатты жетілдіруде кеңесші болады.
Конституцияға да өзгерістер енгізіледі. Президенттің өкілеттігі нақты көрсетіледі, мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, сайлау екі ай ішінде өткізіледі.
Бұл реформалар еліміздің саяси жүйесін тұрақтандырып, ұлттық бірлікті нығайтып, Қазақстанның болашағын жарқын етуге бағытталған нақты қадамдар болып табылады.
Утепберген Уразғалиев
еңбек ардагері



