Табиғатқа жасалған әрбір жақсылықтың қайтарымы болады. Соның бірі – ағаш отырғызу. Бір қарағанда қарапайым іс болып көрінгенімен, оның мәні тереңде жатыр. Бүгін егілген көшет ертең саялы баққа айналып, талай адамға пайдасын тигізеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жиі ұйымдастырылады. Бұл шаралар қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әр адам өз өмірінде кем дегенде бір тал ағаш отырғызса, табиғатқа қосқан үлкен үлесі болар еді. Өйткені бір тал ағаш – болашаққа жазылған ізгі хат секілді.

