Интернетте күн сайын жүздеген хабарлама таралады. Бірі ұтысқа қатысуға шақырса, енді бірі сәлемдеме келгенін немесе төлем жасау қажеттігін хабарлайды. Сырттай қарағанда қалыпты көрінетін мұндай хабарламалардың артында алаяқтық әрекет жасырынуы мүмкін.
Киберқылмыскерлер жалған сайттар арқылы азаматтардың банк деректерін иемденуге тырысады. Адам күмәнді сілтемеге өтіп, жеке мәліметтерін енгізсе, қаржылық шығынға ұшырау қаупі бар.
Махамбет ауданы тұрғындарына интернеттегі әрбір ұсынысқа сын көзбен қарау маңызды. Белгісіз мекенжайдан келген сілтемені ашпай, хабарламаның шынайылығын ресми арналар арқылы тексерген жөн. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты да бірден шындық деп қабылдауға болмайды.
Цифрлық ортада қауіпсіздікті сақтау күрделі әрекеттерден басталмайды. Кейде күмәнді хабарламаны ашпау немесе ақпаратты қайта тексеру жеткілікті. Интернетті тиімді пайдалану үшін оның мүмкіндіктерімен қатар, қауіптерін де білу қажет.
Тілектес Салауатқызы



