Бұл – қоғамдағы ең ауыр тақырыптардың бірі. Себебі зардап шегетін тек бір адам емес, тұтас отбасы, мектеп, болашақ.
Неге дәл жасөспірімдер тәуекел тобында?
Қызығушылық "маған ештеңе болмайды" деген сезім, 13-17 жас – бәрін өз бетімен сынап көргісі келетін кез. "Бір рет татып көрейін, тәуелді болмаймын" деген ойдың өзі қауіпті.Қысым және жалғыздық. Мектептегі буллинг, үйдегі түсініспеушілік, болашаққа алаңдау. Кейбір балалар ауырсынуды "өшіру" үшін жеңіл жол іздейді. Интернет пен "жеңіл қолжетімділік"Telegram каналдар, "закладка", синтетикалық есірткілер. Бұрын "көшеден іздеу" керек болса, қазір телефоннан тапсырыс беруге болады. Ал синтетика 1 рет қолданғанның өзінде миға қатты соққы береді.Статистика ашық айтылмайды, бірақ дәрігерлер мен полицияның есебі бойынша синтетикалық есірткілер — mephedrone, alpha-PVP — жасөспірімдер арасында ең тез тарап жатыр. Оның бағасы "арзан", сондықтан қолжетімді.Ең қауіптісі не?Есірткінің өзі ғана емес. Мидың дамуы тоқтайды. 25 жасқа дейін ми қалыптасады. Сол кезде есірткі түссе, оқу, есте сақтау, эмоция басқару бұзылады.Қылмыс. Ақша табу үшін ұрлық, сату басталады.Үміттің жоғалуы. "Мен бұзылдым, енді түзелмеймін" деген ой ең сорақысы.
Не істеу керек?
Қорқыту емес, түсіндіру керек. Отбасында ашық сөйлесу. "Есірткі жаман" деп айқайлау аз. "Сенің неге қиын?" деп сұрау керек. Бала сенетін бір ересек адам болса жеткілікті. Мектептегі нақты жұмыс. Қорқынышты сурет көрсету емес. Нашақорлықтан айыққан адамдарды шақырып, "бұл қалай басталды" деген шынайы тарихты айтқызу. Және бос уақытты спортпен, үйірмемен толтыру. Бірақ біз ата-ана ретінде баланың телефонындағы күдікті хаттарды, жаңа "достарды", түнде шығуды байқауымыз керек.Көмек сұраудан ұялмау. Қазақстанда тегін көмек бар: наркологиялық диспансерлер, "сенім телефондары". Тәуелділік - ауру. Оны жасырудың қажеті жоқ, емдеу керек.
Жасөспірім есірткіге "жаман болғандықтан" бармайды. Ол көбінесе көмек сұрай алмай, назар жетіспегендіктен барады.Сондықтан ең күшті "вакцина" — бұл: отбасындағы жылу, мектептегі қызығушылық және "сен маңыздысың" деген сезім.Егер сіздің айналаңызда күдік тудыратын жағдай болса, үнсіз қалмаңыз. Мектеп психологына, полицияның 102 нөміріне, немесе тегін сенім телефонына хабарласуға болады.
Гүлбану Насиполла



