Бір қоңырау-бір қауіп

Соңғы уақытта телефон арқылы хабарласып немесе мессенджерлер арқылы өзін банк қызметкері, полиция немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстыратын алаяқтардың әрекеті жиілеп кетті. Олардың құрбанына көбіне зейнеткерлер айналуда.

 

Алаяқтар түрлі сылтаумен жеке деректерді, банк картасының нөмірін немесе SMS-кодтарды сұрап, азаматтардың ақшасын иемденеді. Сондықтан күмәнді қоңырауларға сенбеу, жеке мәліметтерді ешкімге бермеу және кез келген ақпаратты ресми мекемелер арқылы тексеру өте маңызды.

 

Құрметті тұрғындар! Өздеріңіз де сақ болып, егде жастағы ата-аналарыңыз бен туыстарыңызға алаяқтардың айла-тәсілдері туралы түсіндіріңіз. Қырағылық таныту – қаржыңызды сақтаудың ең сенімді жолы.

 

Г. Қайырлықызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT