Бүгінде алаяқтықтың жаңа тәсілдері көбейіп, азаматтардың банк картасы мен шотын заңсыз мақсатта пайдалануға тарту жағдайлары кездеседі. Осындай әрекетке барған адамдардың бірі – дропперлер.
«Картамды ғана бердім», «ақшаның қайдан келгенін білмедім» деген сылтау жауапкершіліктен босатпайды. Өзгенің өтінішімен банк картасын немесе шотын беру арқылы адам қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуға көмектесуі мүмкін.
Сондықтан оңай ақшаға қызықпай, банк картасы мен жеке деректеріңізді ешкімге бермеген жөн. Күмәнді ұсынысқа тап болсаңыз, дереу бас тартып, тиісті органдарға хабарлаған дұрыс.
Бір сәттік пайда үшін болашағыңызды қатерге тікпеңіз. Дроппер болмаңыз!
Е.Камешов
аудандық полиция бөлімі


