Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа бағытын айқындап, жүргізіліп жатқан реформалардың табысы қоғам санасының өзгеруімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Бұл – кез келген жаңарудың түп негізі адам капиталы мен рухани құндылықтарда жатқанын көрсетеді.
Шынында да, мәдениет пен білім – ұлттың болмысын қалыптастыратын, жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтетін негізгі тетіктер. Саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ қана елдің ертеңін нық қадаммен алға бастыра алады. Сондықтан руханиятқа басымдық беру – ұзақ мерзімді дамудың сенімді жолы.
Ұлттық бірегейлік нығайған жерде тұрақтылық пен келісім орнығады. Ал бұл – мемлекеттің өркендеуінің басты шарты. Осы тұрғыдан алғанда, қолға алынған бастамалар еліміздің болашағын баянды етуге бағытталған маңызды шешімдер деп санаймын.
Жардемова Асима Кисметоллаевна
Қ. Абаханов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



